NUR

Еремия 26

1Яһудаға Жосия ұлы Жохақымның патшалық құруының бастапқы кезінде Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады.

2Сонда Жаратқан Ие мынаны айтты: «Менің киелі үйімнің ауласына барып тұр. Яһуданың барлық қалаларынан киелі үйіме ғибадат етуге келгендерге Мен саған айтқандардың бәрін бірде-бір сөзін қалдырып кетпей жеткіз.

3Мүмкін, олар құлақ асып, әркім өзінің зұлым жолынан қайтар. Сонда Мен де райымнан қайтып, зұлымдықтары үшін жоспарлаған апатымды олардың бастарына түсірмеймін.

Nur ilovasida to'liq o'qish →