NUR

Билер 9

1Бірде Еруб-Бағал (яғни Гедеон) ұлы Әбумәлік шешесінің Сихем қаласындағы аға-інілеріне барып, оларға және бүкіл нағашы жұртына былай деп тіл қатты:

2«Сихемнің күллі азаматтарына былай деңіздер: Сіздерге қайсысы пайдалы: Еруб-Бағалдың барлық ұлдары — жетпіс адамның билік жүргізгені ме, әлде тек біреуінің ғана ма? Оның үстіне мен сіздердің қандас туысқандарыңызбын ғой, соны да ұмытпаңыздар!»

3Сонда шешесінің төркіндері Сихемнің өзге азаматтарының алдында Әбумәліктің сөзін сөйледі. Бұлардың көңілдері де Әбумәлікке ауды, өйткені олар: «Ол біздің қандас туысымыз», — десті.

Nur ilovasida to'liq o'qish →