NUR

Билер 6

1Ал исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Жаратқан Ие оларды жеті жылға Мадиян халқының қолына тапсырды.

2Мадияндықтар Исраилге тым қатты зорлық-зомбылық көрсеткендіктен, исраилдіктер өздеріне тау шатқалдарында үңгірлер мен бекіністер дайындап алып, сонда бас сауғалады.

3Себебі исраилдіктер жерге егін еккен сайын, мадияндықтар амалектіктермен және шығыстың басқа да көшпелі тайпаларымен бірге оларға шапқыншылық жасай беретін.

Nur ilovasida to'liq o'qish →