NUR

Билер 1

1Ешуа қайтыс болғаннан кейін исраилдіктер Жаратқан Иеден: — Қанахандықтарға қарсы қайсымыздың бірінші болып өрлеп барып, шабуыл жасағанымызды қалайсың? — деп сұрады.

2Жаратқан Ие: — Яһуда руы өрлеп барсын! Мен елді оның қолына тапсырып отырмын, — деп жауап берді.

3Яһуда ағайынды Шимон руына: — Үлесімізге тиген жерге бірге өрлеп барып, қанахандықтармен бірігіп соғысайық. Сонда біз де сендермен бірге үлестеріңе тиген жерге барамыз, — деп ұсынды. Шимондықтар мұнымен келісіп, яһудилермен бірге аттанды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →