NUR

Ишая 9

1Забулон мен Нафталимнің отанын Иеміз бұрыннан масқараға ұшыратқан. Ал болашақта осы бір аймақты — Теңізге баратын жол бойындағы Әрі Иорданның батыс жағындағы Бөтен ұлттар тұрған Ғалилея аймағы Зор абыройға бөлейтін болады!

2Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді, Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді, Түнек басқан жерде тұратын елге Таңның шапағы сәулесін төгуде!

3Уа, Ием, Сен санын көбейтіп халқыңның, Оған үлкен қуаныш та сыйлайсың. Адамдар өнім жинау маусымында, Не жау олжасын бөлісіп алғанда Қатты қуанатындары сияқты, Халқың шаттанады Сенің алдыңда.

Nur ilovasida to'liq o'qish →