NUR

Ишая 13

1Амос ұлы Ишая Бабыл қаласы туралы көрініс көріп, мына ауыр хабарды алды:

2Тақыр төбе басына ту көтеріңдер, келетін әскерге айқайлап та, қол бұлғап та белгі беріңдер! Олар Бабылдағы ақсүйектердің қақпаларына басып кірсін.

3Мен, Жаратқан Ие, бұл жасақшыларды осы мақсатым үшін таңдап алдым. Сол мықты адамдар Менің қаһарлы үкімімді орындайды. Олар салтанатты ұлылығыма шаттанады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →