NUR
Ошия 11
1Исраилдің патшасы сол күнгі таңда мүлдем құриды!» «Исраил әлі де жас болғанда оны сүйетін едім, Мен рухани ұлымды Мысырдан шақырып алдым.
2Бірақ Мен халықты Өзіме неғұрлым шақырған сайын олар соғұрлым қасымнан алшақтай берді. Олар Бағалдың бейнелеріне арнап құрбандық шалып ұсынып, сол мүсіндердің құрметіне хош иісті заттарды түтетіп жүрді.
3Ал Ефремді қолынан жетелеп, аяғын тәй-тәй басып жүруді үйреткен Өзім болатынмын. Өздерін сауықтырған да Мен екенімді халық мойындағылары келмеді.