NUR

Жаратылыс 19

1Кешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де:

2— Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған: — Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді.

3Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →