NUR

Жаратылыс 14

1Сол заманда (Месопотамиядағы) Шинар патшасы Амрафел, Елласар патшасы Ариох, Елам патшасы Кедор-Лаумер және Ғойым патшасы Тидал бірігіп,

2(шығыс жақтан аттанып, Иордан алқабындағы бес қаланың патшаларына) қарсы соғысуға келді. Жаңағы бес патшаның аты-жөндері: Содом патшасы Бера, Ғомора патшасы Бырша, Адма патшасы Шынап, Себоим патшасы Шемебер және Беланың патшасы болатын. Бела қазір Сиғор деп аталады.

3Сол бес патша өзара келісім жасасып, қазір Тұз теңізі (яғни Өлі теңіз) орналасқан Сідим жазығына жиналды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →