NUR

Ғалаттықтарға 2

1Он төрт жылдан кейін мен тағы да Иерусалимге аттандым. Бұл жолы Барнабамен бірге барып, Титті де ертіп алдым.

2Осы сапарға Иеміздің тікелей білдіруімен шықтым. Иерусалимде мен, әсіресе, қауымның беделді кісілерімен жеке сөйлесіп, оларға өзім басқа ұлт адамдарына уағыздап жүрген Ізгі хабардың мазмұнын айтып бердім. Ондағы мақсатым қазіргі әрі бұрынғы еңбектерімнің зая кетпеуі еді.

3Ал менің уағыздарыммен бұлардың келіскендері сондай, қасымдағы Титтің грек болғандығына қарамастан, олар оның сүндеттелуін талап етпеді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →