NUR
Езекиел 31
1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың үшінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
2«Ей, пендем, Мысыр патшасы перғауынға және оның шулы әскеріне мынаны жеткіз: Сенің ұлылығыңмен кім теңесе алады?
3Ассур патшалығына назар сал! Ол да Ливандағы заңғар биік, төбесі тіпті бұлттарға дейін жететін самырсын іспетті болған еді. Оның көрікті бұтақтары орманды жауып тұратын.