NUR

Мысырдан шығу 4

1Сонда Мұса: — Ал егер исраилдіктер маған сенбей, айтқаныма құлақ аспастан: «Жаратқан Ие саған аян берген емес» десе, қайтемін? — деп жауап қайырды.

2Жаратқан Ие оған: — Қолыңдағың не? — деді. — Таяғым. — Жаратқан Ие:

3— Оны жерге лақтыр! — деді. Мұса (мал баққанда қолына ұстап жүретін) таяғын жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды. Мұса одан қаша жөнелді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →