NUR
Мысырдан шығу 27
1Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын.
2Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын.
3Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар.