NUR
Мысырдан шығу 18
1Мұсаның қайын атасы, Мадиян еліндегі діни қызметкер Етор Құдайдың Мұса және оның халқы үшін істегендерінің бәрі туралы түгел естіп білді. Ол, әсіресе, Жаратқан Иенің исраилдіктерді Мысырдан құтқарып алып шыққаны жөнінде хабар алған еді.
2Мұса әйелі Сипораны қайын жұртына қайтарып жіберген кезде Етор қызын екі ұлымен жылы қабылдаған болатын.
3Тұңғыш ұлын Мұса Гершом (яғни «Сол жерде кірме») деп атап, «Мен жат жерде кірме болдым», — деген еді.