NUR

Естер 9

1Он екінші айдың (яғни адар айының) он үшінші күні патша шығарған жарлық іске асуға тиіс болды. Осы күні яһудилердің жаулары оларға күш көрсетуге үміттенген болатын. Алайда бәрі де керісінше болып, яһудилер жауларына үстемдік құрып, оларды жеңіп шықты.

2Яһудилер Ахасуер патшаның барша аймақтарында жиналып, өздеріне зұлымдық жасамақшы болғандардың бәріне шабуыл жасауға дайын тұрды. Бірақ яһудилерге қарсы тұра алатын ешкім болмады. Себебі халықтардың барлығы яһудилерден қорқып, оларды терең қастерледі.

3Аймақтардағы күллі басшылар, өлке әміршілері, әкімдер және патшаның тағайындаған өзге де басшылары Мардохайдан қорқып, яһудилерді қолдап жүрді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →