NUR

Естер 6

1Сол түні патшадан ұйқы қашты. Сондықтан ол болған оқиғалар баяндалып сақталатын жылнама кітабын әкелуді бұйырды. Хатшы патшаға сол кітаптан оқып берді.

2Сонда кіреберісті күзеткен Бигтана мен Тәреш есімді екі сарай қызметкерінің қаскүнемдігін Мардохайдың әшкерелегені туралы жазылған баяндама табылды. Сол екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырған болатын.

3Соңында патша: — Сол Мардохайға осы үшін қандай сый-құрмет көрсетілді? — деп сұрады. Патшаның қасында қызмет көрсететін жас малайлары: — Оған ештеңе де істелген жоқ, — деп жауап берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →