NUR

Заңды қайталау 27

1Осыдан кейін Мұса пайғамбар Исраилдің рубасыларымен бірге халықтың алдында тұрып, оларға былай деп бұйырды: — Мен бүгін сендерге тапсырып отырған өсиеттердің бәрін де сақтап орындаңдар!

2Сендер Құдай Иеміз өздеріңе табыстап отырған еліне кіру үшін Иорданды кесіп өткен күні өзен арнасынан дәу қойтастарды жинап алып, жағалауда орнатып, үстін әкпен сылаңдар.

3Сол тастарға осы заңдардың барлық сөздерін ойып жазып қойыңдар! Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие уәде еткендей, Өзі сендерге табыстап отырған, ағы мен балы ағыл-тегіл елге кірген соң осылай істеңдер.

Nur ilovasida to'liq o'qish →