NUR
Амос 4
1Әй, Башан сиырларындай семіз әйелдер! Самарияның тауында тұратын сендер, мына сөзді тыңдаңдар! Сендер кедейлерге зорлық жасап, мұқтаждарды езгіге ұшыратып келесіңдер, әрі күйеулеріңе: «Әкел бері, ішейік!» — дейсіңдер.
2Жаратушы Тәңір Ие Өзінің киелі атымен былай деп ант етті: «Сендерді ілмекпен тартатын, ал қалғандарыңды қармақпен сүйрететін күн бастарыңа туады!
3Сендер қала қабырғасының үйіндісінің үстімен айдалып, тіп-тіке шығатын боласыңдар, ыңғайлы сарайларыңнан далаға лақтырылып тасталасыңдар!» — деп ескертеді Жаратқан Ие.