NUR
Елшілердің істері 7
1Сонда бас діни қызметкер Степанға: — Осы айтылғандар рас па? — деген сұрақ қойды.
2Ол былай деп жауап берді: — Қадірлі ағайындар мен ақсақалдар, сөзіме құлақ түріңіздер! Арғы атамыз Ыбырайым Харан жеріне әлі орын теппей тұрып, Месопотамия өлкесінде жүрген кезінде оған салтанатты ұлылыққа бөленген Құдай аян беріп:
3«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!» — деген.