NUR
Елшілердің істері 15
1Яһудея аймағынан Антақияға бірнеше кісі келіп, бауырластарға: «Егер Мұсаның дәстүрі бойынша сүндетке отырмасаңдар, құтқарыла алмайсыңдар», — деп тәлім бере бастады.
2Пауыл мен Барнаба олармен келіспей, қызу айтысып қалды. Содан қауым Пауыл мен Барнабаға және өзге де бірнеше мүшелеріне Иерусалимдегі елшілер мен қауым жетекшілеріне барып, осы мәселе жөнінде ақылдассын деген тапсырма берді.
3Қауым сапарға шығарған өкілдер Финикия мен Самария арқылы жүрді. Олар сол аймақтардағы бауырластарға басқа ұлттық кісілердің Құдай жолына түскендерін айтып беріп, оларды қатты қуантып тастады.