NUR

Патшалықтар 2 20

1Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба есімді қара ниетті бір буняминдік адам болды. Шеба бүкіл Солтүстік Исраилде керней тартып былай деп жариялады: «Дәуітке біздің еш қатысымыз жоқ, Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ! Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!»

2Сонда Солтүстік Исраилдің күллі адамдары Дәуітті тастап, Шебаның соңынан еріп кетті. Бірақ Яһуданың адамдары өз патшаларына адал болып қала берді. Олар Дәуітке ілесіп Иордан өзенінен Иерусалимге дейін барды.

3Дәуіт өзінің Иерусалимдегі сарайына қайтып келгенде, сарайын күтуге қалдырып кеткен он кәнизагын арнайы үйде күзеттіріп қойды. Оларды барлық керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп тұрды, бірақ енді қайтып олармен жақындасқан жоқ. Осылайша олар жесір іспетті өмір сүріп, өле-өлгенше қамауда қалды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →