NUR
Патшалықтар 2 2
1Осыдан кейін Дәуіт Жаратқан Иенің еркін білу үшін Одан: — Яһуданың қалаларының біріне өрлеп баруым керек пе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды: — Иә, сол жерге бар! — Қайсысына барайын? — Жаратқан Ие: — Хебронға! — деп бұйырды.
2Сонымен Дәуіт екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелді ертіп алып, сол жаққа көшіп барды.
3Дәуіт қасында жүрген адамдарын да отбасыларымен бірге ілестіріп, бәрі Хебронның өзіне және маңындағы қалашықтарға қоныстанды.