NUR

Петірдің 2-хаты 3

1Сүйікті бауырластарым, бұл менің сендерге жазған екінші хатым. Екеуінде де осы жайттарды естеріңе түсіре отырып, шындап ойлануларыңа түрткі салмақ болдым.

2Өткен замандарда Құдайға бағышталған пайғамбарлар айтып кеткен сөздерін және Иеміз әрі Құтқарушымыздың сендерге жіберген елшілері арқылы жеткізген өсиетін есте сақтағандарыңды қалаймын.

3Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →