NUR

Патшалықтар 4 2

1Жаратқан Ие Ілиясты құйынмен көкке көтеріп әкетерінің алдында Ілияс Еліше екеуі Ғылғалдан жолға шыққан болатын.

2Ілияс Елішеге: — Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Бетелге жіберіп отыр, — деді. Бірақ Еліше: — Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап қайтарды. Содан екеуі Бетелге ылдилап барды.

3Сол қалада тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің алдынан шығып: — Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше: — Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →