NUR

Шежірелер 2 7

1Сүлеймен Құдайға сиынуын аяқтай бергенде, аспаннан от түсіп, өртелу үшін шалынған құрбандықтарды және басқа да сый-тартуларды өртеп, жалмап қойды. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйді толтырып жіберді.

2Киелі үйдің Жаратқан Иенің керемет салтанатына кенелгені сонша, діни қызметкерлер оған кіре алмай қалды.

3Бүкіл Исраил халқы аспаннан от түсіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының киелі үйдің үстінде тұрғанын көрді. Олар тас төселген аулада жерге етпеттей жата кетті, әрі ғибадат етіп былай деп шүкірлік айтты: «Жаратқан Ие сондай ізгі, Мәңгі ұласады Оның мейірімі!»

Nur ilovasida to'liq o'qish →