NUR

Шежірелер 2 16

1Ал Асаның патшалық құрған отыз алтыншы жылы Солтүстік Исраилдің патшасы Бағаса Яһуда еліне қарсы аттанып, өрлеп барды. Бағаса Аса патшаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін екі елдің шекарасындағы Рамақ қаласын қамалмен бекітіп қойды.

2Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарынан алтын-күміс алып шықты. Оларды Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Аса патша оған мынадай сәлемін жолдады:

3«Екеуіміздің әкелеріміздің арасында келісім болғанындай, енді біз де сондай келісім жасасайық! Міне, мен сізге күміс пен алтын жіберіп отырмын. Өзіңіздің Солтүстік Исраилдің патшасы Бағасамен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз. Ол менің шекарамнан кері шегініп кетсін!»

Nur ilovasida to'liq o'qish →