NUR

Шежірелер 2 14

1Абиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Абияхтың ұлы Аса оның орнын басып патша болды. Асаның заманында елде он жылға тыныштық орнады.

2Аса өзінің сиынатын Құдайы Жаратқан Иеге ұнамды ізгі де әділ істер істеді.

3Ол бөгде тәңірлерге арналған құрбандық орындарын және биіктеу жерлердегі табыну орындарын қиратып құртты. Солардағы тас бағаналарды сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды да шауып тастады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →