NUR

Патшалықтар 1 7

1Сонда Кирият-Иғарымның адамдары келіп, Жаратқан Иенің Келісім сандығын өздеріне алып кетті. Оны Абинадап есімді кісінің төбе басындағы үйіне апарып қойды. Оның ұлы Елазарды Жаратқан Иенің қызметіне бағыштап, Келісім сандығының күзетшісі етіп тағайындады.

2Келісім сандығы Кирият-Иғарымда ұзақ уақытқа, тіпті жиырма жылға қалды. Бүкіл Исраил халқы қайғырып, Жаратқан Иеге бет бұра бастады.

3Самуил бәріне: «Егер сендер Құдайға шын жүректен қайтамыз десеңдер, онда қолдарыңдағы Астарта бейнелерін және өзге де бөтен тәңірлердің бейнелерін лақтырып тастаңдар! Жаратқан Иеге шын жүректен мойынсұнып, тек Оған ғана қызмет етіңдер! Сонда Ол сендерді філістірлердің қолынан құтқарып алады», — деп ескертіп отыратын.

Nur ilovasida to'liq o'qish →