NUR

Патшалықтар 1 21

1Дәуіт Ноб қаласына, ондағы діни қызметкер Ахимәлікке барды. Бұл кісі Дәуітті қарсы алып: — Қасыңда адамдарың жоқ, неге жалғыз жүрсің? — деп абыржи сұрады.

2Дәуіт одан: — Патша маған ерекше жұмыс тапсырып, «Ешкім сені неге жұмсағанымды және қандай нұсқаулар бергенімді білмесін!» деді. Нөкерлерімді белгілі бір жерге жібердім.

3Ал енді, жүрек жалғайтын неңіз бар? Маған бес таба нан, я болмаса қолыңызда барыңызды беріңізші, — деп өтінді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →