NUR
Патшалықтар 1 2
1Ханна былай деп сиынды: Жаратқанға шын жүректен шаттанамын, Иемнен мол күш пен абырой алғанмын, Дұшпандарыма жауап қата аламын, Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын!
2Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті, Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы, Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты!
3Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар, Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар! Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады, Құдай істеріңе әділ үкім шығарады!