NUR

Шежірелер 1 21

1Әзәзіл шайтан Исраилге қарсы шығып, Дәуітті Исраилді санақтан өткізуге түрткіледі.

2Дәуіт Жоғабқа және халықтың басшыларына: — (Әскер жасындағы) халықтың санын білгім келеді. Оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Данға дейінгі аралықтағы Исраил халқын санақтан өткізіп, нәтижесін алып келіңдер! — деп бұйырды.

3Жоғаб патшаға: — Өзінің әскер жасындағы халқының саны қаншама көп болса, Жаратқан Ие соны жүз есе көбейте көрсін! Тақсыр ие, халқыңыз түгел өзіңіздің қызметшілеріңіз емес пе? О, патша ағзам, мұндай шараны неліктен (өздігіңізден) іске асырғыңыз келіп отыр? Исраилді айыпты ететін іс қылып не бар? — деп жауап берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →