NUR
Софония 1
1Яһудаға Амон ұлы Жосияның патшалық құрған кезінде Жаратқан Ие Софонияға сөзін арнады. Ол Хусидің ұлы, Ғодалияхтың немересі, Амарияхтың шөбересі, Езекияның шөпшегі еді.
2«Мен бәрін де жер бетінен құртып жібермекпін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. —
3Сонда адам мен хайуанды да, аспандағы құс пен теңіздегі балықты да, азғырушы мүсін мен зұлымдық жасаушыны да жаппай жоқ қыламын. Жер бетінен адам баласының көзін құртамын!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.