NUR
Таңдаулы ән 4
1(Күйеу жігіт:) Неткен сұлу едің, сүйіктім менің! Қандай көріктісің, қымбаттым, өзің! Бет пердеңнің артындағы бота көзің Тартымды-ау көзіндей көгершіннің! Ғилақад тау беткейімен түсіп келген Ешкі отарындай шашың төгілген.
2Тістерің отарындай саулықтардың, Жаңа қырқып, таза жуып шығарған, Кемістік табылмас араларынан, Бәрі де бір-біріне дәл қиысқан.
3Ал қызыл жіп секілді еріндерің, Қандай сұлу еді ауызың сенің! Бет пердеңмен жабылған самайларың Қос бөлігі іспетті қызғылт анардың.