NUR
Таңдаулы ән 3
1(Қалыңдық:) Түні бойы мен төсек-орнымнан Ғашығымды тосып, таба алмағам.
2Кәне, мен тұрып, аралайын Қаланың көше, алаңдарын! Бірақ таба алмадым сандалғанмен, Көп іздеп бекер жүрдім мен.
3Қарауылдар маған тап болды, Аралап жүрді олар қаланы. «Көрдіңіздер ме жан досымды?» Деп сұрап іздедім сүйген жарымды.