NUR
Таңдаулы ән 2
1(Қалыңдық:) Шарон жазығындағы райхандаймын, Аңғардың лалагүліне ұқсаймын. (Күйеу жігіт:)
2Рас, салыстырсам басқалармен, жалғызым, Тікенектер арасындағы лаладайсың. (Қалыңдық:)
3Ғашығым жас жігіттер арасында Алма ағашындай орман арасында! Саясында оның отыра берсем екен, Жемісі тәтті, ләззат табамын мен.