NUR
Рут 1
1Исраилді билер басқарып тұрған заманда бірде елді аштық жайлады. Сонда Яһуда руының Бетлехем қаласынан бір ер адам әйелі мен екі ұлын ертіп, Исраилден көшіп кетті. Олар жат жұрттықтар ретінде Моаб елінде уақытша тұра тұрмақ болды.
2Сол адамның аты Елімәлік, әйелінікі Нағима, ал екі ұлы Махлон мен Хилион еді. Олар ефраталықтар, Яһуда жеріндегі Бетлехем қаласының тұрғындары болатын. Осылай бұл отбасы Моаб еліне барып, сонда тұрып жатты.
3Алайда күйеуі Елімәлік қайтыс болып, Нағима екі баласымен жесір қалды.