NUR
Римдіктерге 11
1Ал енді мынаны сұрайын: «Құдай өз халқынан біржола бас тартты ма?» Жоқ, мүлдем олай емес! Мен өзім де исраилдікпін, Ыбырайымның ұрпағынан, Бунямин руынан тарағанмын. (Алайда Мәсіхке сенемін.)
2Демек, Құдай баяғы заманда ерекше таңдап алған халқынан біржола бас тартқан жоқ. Ілияс пайғамбар туралы Пайғамбарлар жазбаларында не айтылғаны естеріңде ме? Ол Құдай алдында Исраил туралы былай деп шағым айтқан:
3«Уа, Жаратқан Ие! Олар Сенің пайғамбарларыңды өлтіріп, Саған арналған құрбандық үстелдерін қиратты. Жалғыз өзім ғана қалдым, олар енді менің жанымды да алмақшы».