NUR
Забур 98
1Жаратқан Иеміз патшалық құрады, Керубтер арасындағы «тағында» отырады. Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын, Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын!
2Жаратушы Сионда салтанатпен тұрады, Оның даңқы бар халықтардан жоғары.
3Уа, Ием, ұлы да айбарлы есіміңді Халықтар мадақтасын: ол киелі!