NUR
Забур 9
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ұлдың қазасы» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын, Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.
2Ұдайы Саған қуанып шаттық ән шырқаймын, Уа, Хақ Тағала, есіміңді Сенің жырлаймын.
3Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады, Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады.