NUR
Забур 88
Езрахтық Етанның насихат жыры.
1Зор рақым-шапағатыңды, уа, Жаратқан, Әр уақытта мен ән-жырға қосамын, Сөзіңе беріктігіңді Өзіңнің Бар ұрпақтарға айтатын боламын.
2Солай Сенің тұрақты рақымыңның Мәңгілік екенін жариялаймын. Өзіңнің шындығыңды көкте бекіттің, (Өйткені Сен мынаны айтқан едің:)
3«Мен таңдаулыммен Келісім жасадым, Қызметшім Дәуітке былай деп ант бердім: