NUR

Забур 44

Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «қызғалдақтар» әуенімен айтылатын Қорах ұрпақтарының насихат жыры әрі махаббат әні.

1Патшаға арнап әнімді айтқанда Жүрегімнен ізгі сөз құйылуда, Тілім ұқсас хатшының жүйрік қаламына.

2Сен әсемсің күллі адам баласынан, Мейірімді сөз ағылады аузыңнан, Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған.

3Уа, батыр, семсеріңді асынып ал, Зор даңқ пен ұлылыққа бөленіп ал.

Nur ilovasida to'liq o'qish →