NUR
Забур 22
Дәуіттің жыры.
1Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.
3Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.