NUR
Забур 139
Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы, Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,
2Ойларында олар сұм жоспар құрады, Күн сайын ұрыс-керіс туғызады.
3Өткір тілдері жыландай шағады, «Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.