NUR
Забур 138
Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің, Сен мені толығынан танып білесің:
2Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.
3Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын, Жолдарымның барлығы да Саған айқын.