NUR

Забур 132

Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.

1Бауырлардың ынтымақта тұрғандары Қандай тамаша да жарасымды!

2(Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда) Басына құйылған жұпар май іспетті, Ынтымақтастық та аса ізгілікті! Сол иісмай Һаронның басынан сақалына, Киімінің етегіне дейін аққан еді.

3Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы — Хермон тауына түсетін шық тәрізді. Бұл шық Сион тауына да түседі, Жердің бәрін құнартып, көгертеді. Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →