NUR
Забур 125
Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.
1Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға Қайтарып алып келген уақытында Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,
2Езуіміз жиылмады күлкіден, Аузымыздан үзілмеді шаттық ән. Басқа ұлт адамдары өзара былай десті: «Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
3Жаратқан бізге керемет жасады шынында, Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!