NUR
Забур 101
Ауыртпалық шегіп, әлсіреген жанның Иемізге мұңын шаққан мінажаты.
1Уа, Жаратқан, мінажатымды естіші, Көмек сұраған даусым Саған жетсінші,
2Қиын кезде менен сырт айналмашы, Маған құлағыңды түре көрсеңші, Өзіңді шақырсам тез жауап берші.
3Күндерім түтіндей лезде жоғалады, Сүйектерім от шоғындай маздап жанады.