NUR
Санақ 5
1Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
2«Исраилдіктерге жұқпалы тері ауруына шалдыққан, денесінен ірің ағатын немесе өлікке жанасып арамданған адамдарды ел қонысынан шығарып жіберуге бұйыр.
3Еркек болсын, әйел болсын, ондай адамдарды қоныстарыңның сыртына шығарып жіберіңдер! Ондағы мақсат — олардың Өзім араларыңда тұратын қонысты арамдамаулары».