NUR
Нехемия 5
1Сол кездері халықтың көп адамдары әйелдерімен бірге ауқатты яһуди ұлттастарының үстінен шағымданып айқай салды.
2Кейбіреулері: — Ұл-қыздарымыз бар біздер көп адамбыз. Аштан өлмей тірі қалуымыз үшін бізге астық алу қажет! — десе,
3тағы біреулері: — Ашаршылық кезінде біз нанымызды тауып жеу үшін өз егістіктеріміз бен жүзімдіктерімізді және үй-жайларымызды кепілдікке беруге мәжбүр болдық! — деп наразылық білдірді. —