NUR
Нақұм 3
1Қан төгуге, өтірікке толы, ұрлық пен тонау толастамайтын қала — Ниневи қасіретке қалады!
2Қамшының сартылы, дөңгелектің тарсылы, жылқының дүбірі, соғыс күймелерінің дүрсілі естіліп тұрады.
3Атты әскер алға жүйткіп, семсерлер жарқылдап, найзалар жалт-жұлт етеді. Көп адам қырылып, сансыз өліктер үйіліп, жұрт өліктерге сүрінетін болады.